Accessibility links

Ресей британ журналисі Люк Хардингті елден шығарды


Ресей билігі британдық «Гардиан» газетінің Мәскеудегі тілшісі Люк Хардингті елден шығарып жіберді. Бұл қырғи-қабақ соғыс аяқталғалы бері Ресейден қуылып отырған алғашқы британ журналисі.

«Гардиан» газетінің жазуынша, «Уикиликс» сайтының деректерін зерттеп екі ай бойы Лондонда болып Ресейге барған Люк Хардингтің шетелдік паспортын Мәскеу әуежайында тексерушілер алып қалып, оған Ресейге келуіне тыйым салынғаны туралы хабарлаған.

Бұдан кейін оны Лондонға ұшатын бірінші ұшаққа отырғызып жіберген, журналиске паспортын ұшақта ққайтарып берген.

«Гардиан» газеті бұл оқиғаны «Уикиликс» сайтының Ресей билігіне қатысты деректермен байланыстырады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG