Accessibility links

Британ сыртқы істер министрі Туниске келді


Ұлыбритания сыртқы істер министрі Уильям Хейг Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс елдеріне үш күндік сапарын Тунистен бастады.

Британ сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде, Хейгтің бұл елге сапарының мақсаты – «демократиялық өзгерістер жүргізуге ниет танытып отырған Тунистің жаңа билігіне қолдау білдіру» екендігі айтылған.

Британ министрі Тунисті 23 жыл басқарған бұрынғы президент Зин әл-Әбидин Бен Әли елдегі жаппай наразылық шарасынан кейін қаңтардың 14-і Сауд Арабиясына қашып кеткелі бері бұл елге сапармен келген алғашқы жоғары дәрежелі шетелдік саясаткер болып отыр.

Үш күндік сапары кезінде Уильям Хейг бес мемлекетте болып, Тунис пен Египеттегі соңғы оқиғаларды талқыламақ.

AzattyqTV

AzatNEWS 23.05.2017

AzatNEWS 23.05.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG