Түркіменстан президенті Құрбанғулы Бердімұхаммедов елде жыл сайын сәуір айында ақалтеке жылқылары арасында сұлулық байқауын өткізу туралы жарлық шығарды.
Жарлықтың мақсаты – «Түркіменстан пырағы» аталатын асыл тұқымды жылқыларды әлемге әйгілеу. Ақалтеке жылқысы Түркіменстан мемлекеттік елтаңбасына да бейнеленген.
2004 жылы елдің бұрынғы президенті Сапармұрат Ниязов жылқылар үшін құны 20 миллион доллар тұратын демалыс орталығын ашқызып жұртты таңқалдырған еді. Жылқыларға арналған жүзу бассейні бар орталық ауа салқындатқыш және медициналық аспап-құралдармен жабдықталған болатын.