Accessibility links

Египетте билікті бейбіт жолмен беру жөніндегі комиссия құрылды


Египетте билікті бейбіт жолмен беруге қажетті заңдық шараларды қарастыратын комиссия құрылды.

Бұл туралы бүгін Египет вице-президенті Омар Сулейман хабарлады. Оның айтуынша, билік Египетте екі аптадан бері жалғасып келе жатқан үкіметке қарсы жаппай акцияға қатысқан адамдарды қудаламайды.

Қарсылық шарасы басталғаннан бері, Human Rights Watch құқық қорғау ұйымының дерегі бойынша, 300-дей адам мерт болған.

Шеруді ұйымдастырушылар президент Хосни Мүбәрәкті биліктен кетіру үшін жұма күні тағы да көшеге шығуға шақырды. Каирдің орталығындағы Тахрир алаңында жүздеген шеруші әлі тарамай тұр.

Мүбәрәк қызметінен кетпейтінін, бірақ қыркүйекте өтетін сайлауда өз кандидатурасын жаңа мерзімге ұсынбайтынын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG