Accessibility links

АҚШ Египетке дағдарыстан шығудың төрт жолын ұсынды


Египет вице-президенті Омар Сулейманмен телефон арқылы сөйлескен АҚШ вице-президенті Джо Байден Египет билігіне елдегі саяси дағдарыстан шығу үшін демократияландыру шараларын шұғыл жүргізу туралы ұсыныс айтқаны хабарланып отыр.

АҚШ ұсынған шаралардың арасында ішкі істер министрлігінің өкілеттігін шектеу, Египетте 30 жылға жуық жалғасып келе жатқан төтенше жағдай режимін доғару, билік пен оппозиция арасындағы диалогты жалғастыру және демократияға өтудің нақты кестесін әзірлеу сияқты мәселелер айтылған.

Египетте президент Хосни Мүбәрәктің биліктен дереу кетуін талап еткен наразылық шерулерінің өтіп жатқанына екі аптадан асты. Сейсенбіде Каирдегі шеруге 200 мыңнан астам адам жиналды.

Алайда вице-президент Омар Сулейман наразылық шерулерін доғару қажеттігін айтып, биыл қыркүйекте президент сайлауы өткенше Хосни Мүбәрәктің биліктен кетпейтінін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG