Accessibility links

Италия премьері Сильвио Берлускониге қарсы қылмыстық іс қозғалмақ


Италия прокуратурасы елдің премьер-министрі Сильвио Берлускониге қарсы қылмыстық іс қозғауға күш салып жатыр. Бұл туралы мәлімдеген Миланның бас прокуроры бүгін сотқа тиісті өтініш тапсырмақ.

Прокуратура 74 жастағы Берлускониге кәмелетке жасы толмаған жезөкшемен жыныстық қатынаста болған және бұл жайтты жасыру үшін қызмет бабын теріс пайдаланған деген айыптар тақпақшы.

Өз вилласында жас қыздармен көңіл көтеретіні жайлы осыған дейін де түрлі дабыра-дақпырттың кейіпкері болып келген Берлускони болса бұны өзін қараламақ болған саяси қарсыластарының іс-әрекеті деп атап, өз атына айтылған айыптарды мойындамайды және отставкаға кетуге шақырған үндеулерге елең етпей отыр.
XS
SM
MD
LG