Accessibility links

Египет түрмесінен бірнеше жүз исламшыл қашып кеткен


Қаңтардың соңындағы халық толқуы кезінде Египет абақтыларынан радикалды исламшыл ұйымдардың бірнеше жүз мүшесі қашып кеткен деп хабарлады ел вице-президенті Омар Сулейман.

Оның айтуынша, қашқындардың арасында мақсаттарына жету үшін зорлық көрсетуден де тайынбайтын "Әл-Қаида" сияқты лаңкестік ұйымдарға қатысты қылмыскерлер бар. Олардың қатарында шейіттердің "Хезболлах" радикалды тобының көрнекті басшыларының бірі, Египетте лаңкестік шабуыл жасамақ болғаны үшін сотталған Сами Чехаб та бар.

Сейсенбі күні "Ирактағы Әл-Қаида" ұйымы Египеттегі исламшылдарға үндеу жолдап, елде шариғат заңдарын орнату үшін президент Хосни Мүбәрәкке қарсы наразылықты пайдаланып қалуға шақырды.
XS
SM
MD
LG