Accessibility links

Уәлихан Қайсар ОСК шешіміне байланысты шағымданады


Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) шешімімен Қазақстан президенті сайлауына қатыспайтын болған, қазақ тілі сынағынан өтпей қалған үміткер Уәлихан Қайсар ол шешімге байланысты Жоғарғы сотқа шағымданады деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.

Уәлихан Қайсардың айтуынша, ОСК шешімнің көшірмесін берген соң өз заңгерлері талап-арыз дайындап, тәуелсіз лингвистикалық сараптама өткізуді талап етеді.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың айтуынша, Уәлихан Қайсардың ОСК шешіміне байланысты шағымдануға хақы бар.
XS
SM
MD
LG