Accessibility links

Жақсылық Досқалиевке қарсы қозғалған іс нені байқатады?



2010 жылғы қыркүйектің 25-і қаржы полициясы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке қарсы Медицина академиясын басқарған кезде заңсыз табыс тапқаны үшін қылмыстық іс қозғағанын жария етті.

Қыркүйектің 29-ы Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты Досқалиевті қамауға алуға қатысты қаржы полициясының өтінішін қабылдамай тастады. Ресми себеп - министрдің денсаулығы күрт нашарлаған. Сол күні Досқалиев Астана қаласындағы республикалық клиникалық аурухананың реанимация бөліміне түсті. Марал Итеғұлов бастаған бір топ мәжіліс депутаты министрдің денсаулығына алаңдап, бас прокуратураға үндеу жолдады.

Қыркүйектің 30-ы қаржы полициясы министр инфаркт алмаған, ауырған түр көрсетіп жатыр деген мәлімдеме таратты. Бұл мәлімдемені дәрігерлер жоққа шығарып бақты. Қаржы полициясы іле-шала Досқалиевке министр кезінде де заң бұзғаны туралы жаңа айып тағылғанын хабарлады.

Денсаулық сақтау министрінің қауіпсіздігіне алаңдаған мәжіліс депутаттары мен дәрігерлер бір жақ, оның "ауырған түр көрсетіп жатқан күдікті" екенін дәлелдеуге барын салған қаржы полициясы бір жақ болып қалды.
XS
SM
MD
LG