Украинаның жаңа президенті болып өзінің сайланғаны туралы ресми хабардан соң іле-шала ресейлік РТР телеарнасына берген сұқбатында Виктор Янукович өзіне дейінгі ел президенті Виктор Ющенконың жақында ғана Степан Бандераға «Украина қаһарманы» атағын беру туралы шығарған шешімін сынап-мінеді. Бұған қоса, Янукович билік басында Ющенко болған бес жылдың ішінде Украина кері кетті деп мәлімдеп, елдегі орыстілді тұрғындардың құқығын қорғауға шақырды. Сіздіңше, Украинаны алда не күтіп тұр?
Янукович Степан Бандераға «Украина қаһарманы» атағы берілгенін сынады
