Accessibility links

Нұрлан Смағұлов Әблязов үшін Назарбаевқа жауап беруге тиіс пе?


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
2003 жылы Мұхтар Әблязовты түрмеден босатуды сұрап, оған кепіл болған «Астана групп» компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов енді сол сөзіне жауап беруі керек деп мәлімдеді Қазақстан президенті ақпанның соңында.

«Оның достары, арасында сен де барсың, маған хат жазып, жемқорлығы үшін түрмеге қамалған Әблязовты босатуды менен өтініп, кепіл болдыңдар. Және сендер ол енді Отанға қызмет ететін болады деп ант-су ішіп, жазбаша түрде маған сөз бердіңдер. Қазір ол барлық достарының бетіне түкіріп кетті. Аты-жөндеріңді атамай-ақ қояйын. Ал сендер жауап беруге тиіссіңдер», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Олар енді қалай жауап берулері тиіс? Сіздіңше, бұл жерде президент Назарбаев нені меңзеп тұр?
XS
SM
MD
LG