«Әл-Қаида» террорлық ұйымының көсемі Осама бин Ладеннің бұрынғы аспазы әрі көлік жүргізушісі, қазір Гуантанамодағы америкалық әскери базасындағы түрмеде отырған Ибрагим Косиге шығарылған жаза мерзімі 14 жылдан екі жылға дейін қысқартылды.
Тұтқын өз айыбын мойындап, тергеу ісіне көмектесуге келіскендіктен оған осындай жеңілдік жасалғаны хабарланып отыр.
Судан тумасы Ибрагим Коси 2001 жылы Ауғанстанда ұсталған. Былтыр сот оны ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Енді жаңа шешімге сәйкес, ол 2012 жылы жазда бостандыққа шыға алады.