Accessibility links

Үндістан мен Пәкістан келіссөздерін қайта бастауға келісті


Үндістан мен Пәкістан екі ел арасындағы диалогты қайта бастауға келісті.

2008 жылы Мумбайдағы 166 адамның өмірін қиған лаңкестік шабуылдардан кейін Исламабад пен Нью Делидің келіссөздері тоқтап қалған болатын. Үндістан әлгі шабуылға байланысты Пәкістандағы бүлікшілерді айыптаған еді.

Екі ел үкіметтерінің мәлімдеуінше, жаңадан басталатын келіссөздерде лаңкестікке қарсы күрес, бейбітшілік, қауіпсіздік пен шекаралық проблемалар, сонымен қатар гуманитарлық және даулы Кашмир аймағына қатысты мәселелер талқыланады.
XS
SM
MD
LG