Пәкістан полициясының айтуынша, өткен айда екі пәкістандықты атып өлтірген америкалық азамат бұл әрекетті өзін-өзі қорғау үшін емес оларды өлтіру үшін жасаған.
Лахор қалалық полициясының басшысы Аслам Тарин бұл - нақты адам өлтіру ісі деп атап көрсетті.
Раймонд Дэвистің ісіне байланысты АҚШ пен Пәкістан қарым-қатынастары шиеленісе түсті. АҚШ-тың айтуынша, Дэвистің дипломатиялық иммунитеті бар. Дэвистің өзі болса әлгі пәкістандықтарды өзін-өзі қорғау үшін атып қойғанын айтады.
Жұма күні Пәкістан соты америкалық азаматты тағы екі апта қамауда ұстау туралы шешім шығарды.