Бүгін Мәскеуде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен оның жапониялық әріптесі Сэйдзи Маэхара даулы аралдарға қатысты келіссөз өткізді.
Ресейде Куриль деп аталып кеткен, ал Жапония өзінің солтүстік территориясы деп білетін аралдарды Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында Совет күштері басып алған болатын.
Өткен қараша айында Ресей президенті Дмитрий Медведевтің аталмыш аралдарға жасаған сапарынан кейін бұл екі елдің қарым-қатынастары шиеленісе түсті.
Маэхараның айтуынша, Ресейдің бұл аралдарды өзінікі деп санауы халықаралық заңға қайшы келеді.