Accessibility links

"Азат" ЖСДП президент сайлауына ортақ үміткер ұсынудан бас тартты


«Азат» ЖСДП президент сайлауына ортақ үміткер ұсынбайтын болды. 12 ақпанда өткен партия съезінде осындай шешім қабылданды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Партия мүшелері оның себебін 3 сәуірде өтетін сайлауға әзірленіп үлгермейтіндігімен байланыстырады. «Азат» ЖСДП сайлаудың 2012 жылы өткендігін құп көреді.

Құрылтайда партия мүшелері билікке сайлауға қатысты бірқанша талаптарын білдірді. Сондай талаптардың бірі партия өкілдерін барлық деңгейдегі сайлау комиссиясына енгізу болып табылады.
XS
SM
MD
LG