Египетте билік басына келген әскерилер елде Конституцияның күшін тоқтатып, парламентті таратты.
Жоғарғы әскери кеңес алдағы жарты жыл мерзімге - сайлаулар өткенге дейін билік басында қалатынын айтып мәлімдеме жасады.
Египет оппозициясы жетекшілерінің бірі Айман Нур жаңа әскери биліктің бұл іс-әрекеті шерушілердің көңілінен шығуы тиіс деп мәлімдеді. «Рейтер» агенттігіне берген сұқбатында ол Жоғарғы әскери кеңестің осы шешімін «революцияның жеңісі» деп атады.
Бұған дейін Египет премьер-министрі Ахмед Шафик уақытша үкіметтің басты міндеті – «елде тәртіпті қалпына келтіріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету» деп мәлімдеген.
Египетте президент Хосни Мүбәрәктің биліктен дереу кетуін талап еткен наразы жұрттың үш аптаға жуық жалғасқан шерулерінен соң ақпанның 11-і күні Мүбәрәк мемлекетті басқаруды Жоғарғы әскери кеңеске тапсырып биліктен кетуге мәжбүр болды.