Accessibility links

Шерушілер Каирдің орталығынан тарап жатыр


Египетте жексенбі күні Жоғарғы әскери кеңес Конституцияның әрекетін тоқтатып, парламентті таратқан соң Каирдің Тахрир алаңына жиналған мыңдаған шеруші тарай бастады. Әскери кеңес өкілдері президенттік және парламенттік сайлаулар өткенше - алты ай бойы елді билейтіндерін мәлімдеді. Әскерилер Конституцияға өзгеріс енгізетін комиссия құрып, соған байланысты референдум өткізетіндерін де хабарлады.

Хосни Мүбәрәк өткен аптада жұма күні қызметінен кеткен соң елдің уақытша билігі әскерилерге тиген еді. Президенттің кетуін талап еткен жаппай шеру 18 күнге созылған.
XS
SM
MD
LG