Accessibility links

Ресей сыртқы істер министрі Лондонға барды


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Ұлыбритания сапары басталды. Ол сейсенбі күні ұлыбританиялық әріптесі Уильям Хейгпен келіссөз өткізеді.

Сергей Лавров Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен кездесуді де жоспарлаған.

Ресей мен Ұлыбритания арасындағы сауда байланыстары жақсы дамыған, бірақ бұны дипломатиялық жанжалдар қиындатып тұр. Ресей Кремльді сынаушы, бұрынғы арнайы қызмет маманы, 2006 жылы радиоактивті заттан уланып қайтыс болған Александр Литвиненконың өліміне қатысты басты күдіктіні беруден бас тартады.

Оған қоса Мәскеудің ақпан айының басында «Гардиан» газетінің тілшісі Люк Хардингті елге кіргізбей қоюына байланысты екі ел бір-біріне қатысты қатаң мәлімдеме жасасқан.
XS
SM
MD
LG