Accessibility links

Индонезияда радикал дін қызметкерінің соты өтіп жатыр


Индонезияда радикал дін қызметкері, тыйым салынған «Жемаа Исламия» тобының басшысы деп саналатын Абу Бакир Баширге байланысты сот қайта жалғасты.

72 жастағы Абу Бакир Башир лаңкестік әрекет жасау үшін қарулы қастандық ұйымдастырды деп айыпталып отыр. Оған бұдан бұрын Индонезияның Ачех провинциясында исламшыл содырлар дайындайтын лагерь ұйымдастырды деген айып тағылған. Абу Бакир Баширдің айыбы дәлелденсе, оған өлім жазасын кеседі.

Дін қызметкеріне бұған дейін лаңкестікке қатысты айып тағылған, бірақ дәлел жетпеген соң сотталмаған.
XS
SM
MD
LG