Accessibility links

Еуропа одағы Туниске 350 миллион доллардың жәрдемін бермекші


Еуропа одағы Туниске алдағы екі жылда 350 миллион доллардың қаржылай көмегін беруге ниет танытып отыр.

Бұл туралы Тунисте сапармен жүрген Еуропа одағының сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кэтрин Эштон мәлімдеген.

Бұған қоса ол Еуропа одағы Тунистің жаңа билігіне наурыз айында демократиялық және экономикалық реформалар тақырыбына халықаралық конференция өткізуге көмек көрсететінін айтты.

Тунисті 23 жыл басқарған Бен Әли елдегі жаппай наразылық шарасынан кейін қаңтардың 14-інде Сауд Арабиясына қашып кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG