Accessibility links

Барак Обама 2012 жылға арналған бюджетті таныстырды


АҚШ президенті Барак Обама 2012 жылға арналған бюджет жобасын таныстырды. Жобада бюджет көлемі 3,73 триллион доллар болып белгіленген.

Балтимордағы мектепте сөйлеген сөзінде Барак Обама бұл жоба өзі уәде еткендей енді екі жылдан соң бюджет тапшылығын екі есеге қысқартуға мүмкіндік беретінін айтты.

«Үкімет кейбір бағдарламаларды қысқартты, бірақ біз болашағымызды құрбандыққа шала алмаймыз», – деді АҚШ президенті.

Конгрестің өкілдер палатасында көпшілік орынды иемденіп отырған республикалық партия өкілдері бюджеттің шығыс бөлігіндегі кейбір тұстарын әлі де қысқарту қажеттігін айтып, сынап жатыр.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон шетелдік займдарды қысқартудың ұлттық қауіпсіздікке зиян тигізуі мүмкін екендігін ескертті.
XS
SM
MD
LG