Accessibility links

Бахрейндегі шерулерде екі адам опат болды


Бахрейндегі шерулерде екі адам қаза тапты.

Ақпанның 14-інде Манама қаласының шығысындағы ауылда болған қақтығыста бір наразылық танытушы оққа ұшты деп хабарланды. Сейсенбі күні марқұмның мәйіті жатқан аурухананың алдында жиналған халықты полиция көзден жас ағызатын газ атып таратты. Хабарларға қарағанда, бұл қақтығыс кезінде тағы бір адам мерт болған.

АҚШ-тың стратегиялық одақтасы Бахрейнде шииттер көптен бері биліктегі сунниттердің кемсітетінін айтып шағымданып келеді. Бұл елдегі шерушілер саяси реформаларды талап етті. Алайда олар корольді құлатуды көздемейтіндерін айтты.
XS
SM
MD
LG