Accessibility links

Египеттегі "Мұсылман бауырлар" партия құрмақ


Египеттегі "Мұсылман бауырлар" саяси партия құрмақшы деп хабарлайды аталмыш топтың интернеттегі парақшасы. Өткен аптада қызметінен кеткен президент Хосни Мүбәрәктің билігі кезінде енгізілген шектеулерге байланысты осы және тағы басқа топтар саяси партия құра алмаған болатын.

Бұл уақытта Египеттің әскери басшылары жұмысшыларды шерулерін тоқтатуға шақырды. Жексенбі күні ел парламенті таратылды.

Елдегі жаппай наразылық шарасынан кейін Мүбәрәк өткен аптада билікті армияға тапсырып кетті.
XS
SM
MD
LG