Accessibility links

Қанат Есжанов тіл сынағынан өтпеді


Президенттікке үміткер болуға өзін-өзі ұсынған Қанат Есжанов қазақ тілі емтиханынан өтпеді деп мәлімдеді лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбеков.

Сайлау комиссиясы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Астана тұрғыны Қанат Есжанов уақытша жұмыс істемейді. Ол 1962 жылы дүниеге келген.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы сәуірдің 3-іне тағайындалған.
Конституцияға сәйкес, президенттікке үміткерлер мемлекеттік тілді еркін меңгерген азаматтар болуы тиіс.
XS
SM
MD
LG