Accessibility links

АҚШ интернеттегі еркіндікті қолдауға 25 миллион доллар бөледі


АҚШ үкіметі авторитарлық режимдердің қысымын көріп отырған интернет пайдаланушыларға қолдау көрсету үшін биыл 25 миллион доллар қаржы бөлмек.

Сейсенбі күні Вашингтонда сөйлеген сөзінде мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон АҚШ интернеттегі пікірталастардың толық ашық болуын қамтамасыз етуге әзір екендігін мәлімдеді.

Хиллари Клинтон өткен аптада «Твиттер» әлеуметтік желісінде Мемлекеттік департаменттің парсы және араб тілдерінде арнайы беттері пайда болғанын, енді қытай, хинди және орыс тілдерінде ашылатынын хабарлады.
XS
SM
MD
LG