Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ирдің ортаншы ұлы Ким Чон Чхоль ақпанның 14-інде Сингапурде өткен британ музыканты Эрик Клэптонның концертінде жұрт назарына іліккенін Оңтүстік Кореяның газеттері хабарлады.
Концертке Ким Чон Чхоль 20 күзетшісімен бірге келген. Журналистерге оны суретке түсіруге күзетшілер мүмкіндік бермеген.
Бұрынырақ осы Ким Чон Чхоль әкесінің орнын басуы мүмкін деген болжамдар айтылып жүрген еді. Бірақ кейінгі кезде Ким Чен Ирдің мұрагері ретінде оның кенже ұлы Ким Чон Ун аталып отыр.