Accessibility links

Бахрейнде наразылық шерулері жалғасып жатыр


Сейсенбіден сәрсенбіге қараған түнді Бахрейн астанасы Манама қаласының орталық алаңында өткізген мыңдаған шеруші үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп бүгін тағы да наразылық жиынын өткізетіні хабарланып отыр.

Бұған дейін Бахрейнде шерулер кезіндегі қақтығыстар салдарынан екі адам қаза болған еді. Бехрейн патшасы Хамад бин Иса әл-Халифа телеарна арқылы халыққа үндеу жасап, әлгі екі адамның өліміне қатысты тергеу жүргізілетінін айтты.

АҚШ Бахрейнде адам өліміне алып келген оқиғаларға алаңдаушылық білдіріп, барлық тараптарды зорлық-зомбылыққа жол бермеуге шақырды.
XS
SM
MD
LG