Accessibility links

Египетте 18 күндік толқуда 365 адам мерт болған


Египетте үкіметке қарсы 18 күн бойы жалғасқан толқулар мен тәртіпсіздіктер барысында кемінде 365 адам қаза болған.

Сәрсенбіде осындай деректі жария еткен елдің денсаулық сақтау министрлігі бұл тек қарапайым азаматтар арасында құрбан болғандарға қатысты алдын-ала есеп екендігін, қауіпсіздік күштерінің қаза болған қызметкерлері бұған кірмегенін ескертті.

Президент Хосни Мүбәрәк отставкаға кеткен соң елдегі билікті қолына алған Жоғарғы әскери кеңес тұрғындарға кезекті рет үндеу жасап, барлық әлеуметтік-экономикалық наразылық шараларын дереу доғаруға шақырды.

Сәрсенбі күні ел астанасы Каирде әуежай мен тоқыма өнеркәсібінің жұмысшылары еңбекақыны көбейту және коррупцияға қарсы күресті күшейту туралы талаптар қойып ереуіл өткізді.
XS
SM
MD
LG