Accessibility links

ЕҚЫҰ Қазақстандағы сайлауға 400-ден аса бақылаушы жібермек


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстанда сәуірдің басында өтетін президент сайлауына 400-ден астам бақылаушы жібереді. Мұны бүгін ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының басшысы Александр Кельчевский мәлімдеді.

Оның айтуынша, бақылаушылардың біразы алдағы аптада келеді.

«Алғашқыда ұзақ мерзімді бақылау жасауға 36 адам, ал сайлау қарсаңында 400-ге жуық бақылаушы келеді», – деді Александр Кельчевский.

Қазақстан сәуірдің 3-іне тағайындалған кезектен тыс президент сайлауын бақылауға халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдарды шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG