Accessibility links

Орталық сайлау комиссиясы 20 ақпанда жұмыс істейді


Орталық сайлау комиссиясы ақпанның 20-сы, жексенбі күні әдеттегі жұмыс кестесі бойынша істейтінін осы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

«20 ақпанда біз әдеттегі жұмыс күндеріндегідей жұмыс істейміз. Егер өтініштер түсіп жатса, қабылдайтын боламыз», – деді ОСК қызметкері бүгін ҚазТАГ агенттігіне.

Ақпанның 20-сы күні Қазақстанда сәуірдің 3-інде өтетін кезектен тыс президент сайлауына кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталады.
XS
SM
MD
LG