Accessibility links

Пәкістан соты қамаудағы америкалықтың ісін кейін қарайды


Пәкістан соты екі пәкістандықты атып өлтірген АҚШ азаматының ісін қарауды наурыздың 14-не қалдырды.

АҚШ елшілігінің қызметкері Раймонд Дэвис қаңтардың 27-де Лахор қаласында өзін-өзі қорғау үшін екі адамды атып қойғанын айтады. Осы оқиғаға байланысты АҚШ пен Пәкістан қарым-қатынастары шиеленісе түсті.

Сенатор Джон Керри осы аптада Пәкістанға барып, Дэвисті босатуға шақырды. Вашингтонның айтуынша, Дэвистің дипломатиялық иммунитеті бар.

Пәкістан азаматтары Дэвисті соттау керек дейді. Сенатор Джон Керри болса Дэвис босатылса, АҚШ-та оған қатысты тергеу ісі жүргізіледі деп уәде етті.
XS
SM
MD
LG