Бейсенбі күні Бахрейн күштері ел астанасындағы бақылауды өз қолына алып, жиын өткізуге тыйым салды.
Оның алдында полиция көзден жас ағызатын газ бен резеңке тоқпақтың көмегімен Манама орталығындағы наразылық танытушыларды таратты. Рейд барысында кемінде 4 адам қаза тауып, 150-ге жуық кісі жараланды. Осы аптаның басында шерулерде 2 адам опат болған еді. Наразылық танытушылар елде саяси реформалардың жүзеге асуын талап етті.
Бахрейндегі шерулер - Тунис пен Египет жетекшілері биліктен құлатылған соң Араб әлеміне жайылған саяси толқулардың бір бөлігі. Вашингтонның стратегиялық одақтасы боп табылатын Бахрейнде АҚШ-тың бесінші әскери теңіз флоты орналасқан. Осы аптаның басында АҚШ Бахрейн халқын ұстамдылыққа шақырды.