Accessibility links

Минскіде Анастасия Положанко абақтыдан шықты


Беларусь КГБ-сының Минскідегі тергеу абақтысында отырған Анастасия Положанко бейсенбінің кешінде бостандыққа шықты. Бұл туралы Би-би-си хабарлады. Ол Минскіден ешқайда кетпейтіні туралы қолхат берген.

Былтыр желтоқсанның 19-ында өткен президент сайлауынан кейін Минскідегі наразылық шеруінен соң беларусь билігі Анастасия Положанкоға жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырған деген айып таққан.

Бұған дейін КГБ абақтысынан босатылған тағы бір әйел - журналист Ирина Халип қазір үйқамақта отыр. Ал оппоззициялық "Хартия-97" сайтының редакторы Наталья Радина Минкіден шығарылып, Кобрин қаласына жіберілді.
XS
SM
MD
LG