Бүгін Тегеран мешіттеріндегі жұма намазы кезінде мыңдаған адам Иран оппозициясының жетекшілері Мир-Хоссейн Мусави мен Мехди Карубиді жазалауды талап етіп шу шығарды.
Мешіттегі жамағат енді оппозиция жетекшілеріне қарсы шыққан үкімет жақтастарына қосылуы мүмкін. Дүйсенбі күні оппозиция ұйымдастырған, Египет пен Тунис халқына қолдау танытқан шеруге мыңдаған адам қатысқан. Қақтығыс кезінде екі адам мерт болған.
Мир-Хоссейн Мусави мен Мехди Каруби үйқамақта отыр. Елдегі сот жүйесінің басшысы аятолла Садек Лариджани ол екеуін заң бойынша жазалау шаралары қарастырылып жатыр деп мәлімдеді.