Accessibility links

Алжирде наразылық шарасы өтпекші


Алжирдегі демократияшыл наразылық танытушылар сенбі күні ел астанасында шеру өткізуді жоспарлап отырғандарын айтты.

Осыдан бір апта бұрын мұндай шеруге мыңдаған полиция қызметкері кедергі жасаған болатын.

Солтүстік Африкадағы Алжир үкіметі елде соңғы 19 жыл бойы күшінде болып келген төтенше жағдай тәртібі ақпан айының соңына дейін жойылатынын мәлімдеді.

Өткен айда Алжирде азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты бескүндік толқулар болып, үш адам опат болды.
XS
SM
MD
LG