Accessibility links

Құқық қорғаушылар Ливияда қаза тапқандар саны 100-ден асты дейді


Елдің шығысындағы Бенгазы қаласынан манифестанттар мен қауіпсіздік күштерінің қақтығысында зардап шеккендер жөніндегі хабарлар толастар емес.

Бұл қалада Ливияны қырық жылдан бері басқарып отырған Мұаммар Каддафиге қарсы наразылық бес күннен бері жалғасып жатыр.

Жергілікті аурухана дәрігерлері сенбі күні қауіпсіздік күштері жерлеу рәсіміне жиналғандарға қаратып оқ жаудырғанда ондаған адам құрбан болды дегенді айтады.

Сенбі күнгі басып-жаншулар алдында Human Rights Watch халықаралық адам құқын қорғау ұйымы қақтығыстар барысында зардап шеккендер саны 84-ке жетті деп мәлімдеген-ді. Ливия билігі құрбан болғандар мен зардап шеккендер турасында ешқандай дерек жарияламай отыр.

Батыс агенттіктері Ливияның басқа да бірнеше қалаларына толқулар легі жетті деп хабарлайды, дегенмен ел астанасы Триполиде салыстырмалы жағдайда тыныштық сақталып тұрғаны аталады.
XS
SM
MD
LG