Accessibility links

Бахрейнде шерушілер орталық алаңда түнеп шықты


Ел астанасы Манама қаласында мұрагер ханзада Салман бин Хамад әл- Халифтің бұйрығымен көшелерден әскери күштер әкетілген соң, мыңдаған шеруші орталық алаңға қайта оралып, осында шатырларын құрып, таң атырды.

Бүгін оппозиция биліктің келіссөздер өткізу жөніндегі ұсынысын талқыламақшы. Тараптарды келіссөздер жүргізуге АҚШ пен Сауд Арабиясы да шақырған болатын.

Бахрейнде аптаға жуық жалғасқан наразылық шараларында алты адам құрбан болған еді.

Сүнниттердің әл-Халифа әулеті билеп келе жатқан Бахрейн еліндегі шиит оппозициясы үкіметтің отставкаға кетіп, саяси реформалардың басталуын талап етуде.
XS
SM
MD
LG