Бүгін Египеттегі наразылықтар мен ереуілдерден кейін уақытша жабылып қалған банктер қалыпты жұмыс істей бастады.
Банктер Хосни Мүбарактың билігін құлатқан толқулар жаппай белең алған 18 күннің бірінде тонаушылық пен қарақшылыққа жол берілген сәттері жабылып қалған болатын.
Мүбарак биліктен кеткеннен кейін, 11 ақпанда банктер қайта ашылғанымен, қызметкерлер мен жұмысшылардың жалақыны көтеруді, жұмыс жағдайын жақсартуды талап еткен ереуілдерінен соң іле-шала қайта жабылуға мәжбүр болған еді.