Accessibility links

Йовери Мусевени Уганда президенті болып қайта сайланды


Жексенбі күні жарияланған сайлау қортындысында Йовери Мусевенидің Уганда президенті болып сайланғаны хабарланды.

Сайлау комиссиясының хабарлауынша, жұма күні дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 68 пайызы Мусевениді қолдаған. Ал оның саяси бәсекелесі, оппозициялық кандидат Кизза Бесигьеге сайлаушылардың 26 пайызы өз дауыстарын берген. Бұл осы екі саясаткердің қатысуымен елде осымен үшінші рет өткен президент сайлауы.

Бесигье билікті «сайлау нәтижесін бұрмалады» деп айыптап, сайлаудың ресми қортындысын мойындамайтынын мәлімдеді.

Йовери Мусевени Уганданы 25 жыл бойы басқарып отыр. Оппозиция мен құқыққорғаушылар оны «демократия принциптерін бұзды» деп үнемі сынаумен келеді.
XS
SM
MD
LG