Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы араб елдерін адам құқығын құрметтеуге шақырды


БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун үкіметке қарсы жаппай наразылық танытып шеруге шыққандардың полициямен қақтығысуы жалғасып жатқан Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс елдеріндегі зорлық-зомбылықты тоқтатып, адам құқықтарын құрметтеуге үндеді.

АҚШ үкіметі Ливия билігін бейбіт шерушілерге қарсы күш қолдануды дереу доғаруға шақырды. Вашингтон Ливия басшының ұлы Сейф әл Ислам Каддафидың жексенбі күні телеарна арқылы жасаған мәлімдемесін мұқият зерттейтінін хабарлады.

Сейф әл Ислам Каддафи өз мәлімдесінде Ливия билігінің реформалар өткізбек ниеттерін барын айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG