Accessibility links

Йемендегі толқу жалғасып жатыр


Йеменде үш мыңдай студент ел астанасы Сананың орталығына жиналып, президент Али Абдулла Салехтің қызметтен кетуін талап етіп тұр. Ибб және Таиз қалаларында да мыңдаған адам шеруге шықты. Али Абдулла Салех жексенбі күні оппозицияны келіссөзге шақырды.

Бұдан бір күн бұрын шерушілер мен президент жақтастары, полиция арасындағы қақтығыс кезінде бес адам жараланған. Куәлардың айтуынша, шерушілер қаза тапқан, бірақ ішкі істер министрлігі оны жоққа шығарады.

Йеменді 32 жылдан бері билеп келе Али Абдулла Салех – АҚШ-тың «Әл-Қаидаға» қарсы күрестегі одақтасы. Ол елдегі қарсылық шарасын бір айдан бері тоқтата алмай жатыр.
XS
SM
MD
LG