Accessibility links

Бахрейнде қарсылық жалғасып, мұғалімдер ереуілге шықты


Бахрейнде шиит оппозициясының 10 мыңдай жақтасы ел астанасы Манаманың орталық алаңына тағы жиналды. Олардың арасында ереуіл бастағандарын жариялаған мың жарым мұғалім де бар.

Оппозиция үкіметтің кетуін, сүнниттік патша әулеті билігінің шектелуін талап етеді.

Жұма күнгі қауіпсіздік күштерімен қақтығыс кезінде тағы бір шерушінің қайтыс болғаны анықталды. Билік оппозициямен келіссөз өткізуге дайын екендігін білдірді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мен Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Сауд аль-Файсал телефон арқылы сөйлесіп, келіссөзді қолдауға келісті.
XS
SM
MD
LG