Accessibility links

Мароккодағы қарсылық кезінде бес адам қаза тапты


Бүгін Марокконың ішкі істер министрі ел басшысы Мохаммедтің өз өкілетінің біразынан бас тартуын, үкіметті таратуын, коррупцияны жоюын талап еткен шерушілердің бесеуі көз жұмғанын хабарлады. Министр "тәртіп бұзушылардың" 100-і жараланды, 120 адам тұтқындалды деп мәлімдеді журналистерге. Ол бес адамның күлге айналып кеткен сүйектері табылғанын айтты.

Жексенбі күні Мароккода өткен ел билігіне қарсы шеруге 3 мыңнан астам адам қатысқан.
XS
SM
MD
LG