Accessibility links

Пәкістанда америкалықтың соты жұмада басталады


Пәкістан өкілдерінің мәлімдеуінше, адам өлтірді деп айыпталған америкалық азаматтың тағдырын сот шешетін болады.

Қаңтардың 27-де Лахорда өзін-өзі қорғау үшін екі адамды атып қойғанын айтқан Раймонд Дэвистің ісіне байланысты Пәкістан мен АҚШ қарым-қатынастары шиеленісе түсті.

New York Times басылымының мәліметінше, Раймонд Дэвис Орталық барлау агенттігінің Пәкістандағы исламшыл экстремистердің ізіне түскен
операциясына қатысқан.

Президент Асиф Әли Зардаридің баспасөз хатшысының айтуынша, Жапонияға сапары барысында Зардари "бұл іске байланысты сот шешімін" күтетінін айтқан.

АҚШ Дэвистің дипломатиялық иммунитеті болғандықтан тезарада босатылуы тиіс дейді. Оның соты жұма күні басталады.
XS
SM
MD
LG