Accessibility links

Куба мен Никарагуа Каддафиге қолдау білдірді


Кубаның бұрынғы президенті Фидель Кастро.
Кубаның бұрынғы президенті Фидель Кастро.
Куба мен Никарагуа Ливия басшысы Муаммар Каддафиді қолдайтындарын білдірді.

Сейсенбі күні Кубаның бұрынғы президенті Фидель Кастро "Вашингтон мұнайға байланысты өз мүддесі үшін Ливияға НАТО әскерін кіргізуді жоспарлап отырғаны сөзсіз" деп мәлімдеді.

Ал Каддафимен телефон арқылы сөйлескенін айтқан Никарагуа президенті Даниэль Ортега "полковник аса қиын күрес жүргізіп жатыр, бірақ осындай жағдайда да ол диалогқа дайын және ұлт бірлігін сақтап қалуға тырысып отыр" деген пікірін білдірді.
XS
SM
MD
LG