Accessibility links

Грекияда жаппай ереуілдер басталды


Грекия үкіметінің елді банкроттан құтқаруға бағытталған қатаң шараларына қарсы жаппай ереуілдер басталды. Шерулерге байланысты теміржол қызметтері мен Афины әуежайындағы рейстер тоқтап, ауруханалар мен мектептердің жұмысына кедергі жасалды және қоғамдық әкімшілік кеңселері мен банктер жабылып қалды.

Еуропа Одағы мен Халықаралық валюта қорының 110 миллиард еуролық несиесіне қол жеткізу мақсатында Грекия үкіметі өткен жылы жалақылар мен зейнетақыларды қысқартып, салықтарды көбейткен болатын.
XS
SM
MD
LG