Accessibility links

Ұлыбритания соты WikiLeaks басшысына қатысты шешім шығарады


Бүгін Лондондағы сот WikiLeaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Эссанжды Швецияға экстрадициялау керек пе, жоқ па деген мәселеге қатысты шешім шығарады.

Швеция прокурорлары Австралия азаматы Эссанжға "жыныстық қарым-қатынасқа байланысты қылмыс жасады" деген айып тағып, оның экстрадициялануын сұрады. 39 жастағы Эссанж өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.

WikiLeaks АҚШ-тың құпия дипломатиялық және әскери мәліметтерін интернетте жариялап, АҚШ үкіметінің ашу-ызасын туғызған болатын.
XS
SM
MD
LG