Мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Йемен президенті Әли Абдулла Салех қауіпсіздік күштеріне наразылық танытушыларды қорғау туралы бұйрық берді. Сонымен қатар Салех "үкіметті қолдаушылар мен үкіметке қарсы шерушілер арасындағы барлық қақтығыстардың алдын алуды" бұйырған.
Ақпанның 16-да Йеменде басталған толқулар барысында кемінде 15 адам қаза болды. Қауіпсіздік күштері наразылық танытушыларды қуып тарату үшін бірнеше рет көзден жас ағызатын газ бен резеңкелі оқ қолданған болатын. Ал Салехтің қолдаушылары наразылық танытушыларға пышақтармен және тоқпақтармен шабуылдаған.
Шерушілерге зорлық-зомбылық жасалауына наразылық таныту үшін кемінде 7 парламент мүшесі қызметінен кетті.
Билікте 32 жыл отырған Салех 2013 жылғы президент сайлауына түспейтінін айтты.