Accessibility links

Төрт қазақстандық Ливиядан эвакуацияланды


Қазақстанның төрт азаматы Украина ұшағымен Ливиядан шығарылды деп хабарлайды Украинаның экономикалық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгін түнде Киев әуежайына қонған украиналық ұшақпен Ливиядан 138 адам эвакуацияланған, олардың ішінде 4 қазақстандық бар.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Ресей, Түркия және Украинадан қазақстандық азаматтарды Ливиядан шығаруға көмектесуді сұраған болатын.
XS
SM
MD
LG